Жол бойынан алынған балық: 9 жасар баланың уланып қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер

ЖИ

Маңғыстау облысында ысталған балықтан уланып көз жұмған тоғыз жасар баланың оқиғасы бойынша жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомствоның хабарлауынша, эпидемиологиялық тексеру кезінде мамандар ауруханаға түскен науқастарды сұрастырып, оқиғаның мән-жайын зерделеген. Анықталғандай, отбасы мүшелері улануға әкеп соқтырған балық өнімін Атырау облысынан келе жатқан жолда, трасса бойындағы белгісіз орыннан қолдан сатып алған. 

Үйге әкелінген өнім тоңазытқышта сақталып, кейін отбасылық шара барысында дастарқанға қойылған. Салдарынан балықтан дәм татқан алты адамның бесеуі уланып, ауруханаға түскен. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, 9 жасар бала Ақтау қалалық ауруханасында қайтыс болды.

Балық өнімінен барлығы 6 адам дәм татып, олардың 5-і ауырып қалды. Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде балық өнімінің қалдығы қалмаған, сол себепті зертханалық зерттеу жүргізілген жоқ. Балық Атырау облысының аумағында сатып алғандықтан, барлық мән-жайды анықтау үшін Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция департаментіне тиісті хаттар жолданды. Нәтижесінде аталмыш балық өнімінің жол бойында сатылғаны туралы деректер анықталмағаны туралы жауап алынды, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұнайлы ауданының тұрғындары үй жағдайында әзірленген ысталған балықты жеп, ауыр жағдайда ауруханаға түскені хабарланған болатын. Салдарынан уланғандардың арасындағы 9 жасар бала 6 қазанда көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыз: