Мүгедектігі бар жандарды қолдау – маңызды міндет

Бүгін – елде ерекше қажеттіліктері бар жандар күні. Айтулы дата жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. 

Бұл күн мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік мәселелеріне назар аударуға және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінде елде ерекше қажеттіліктері бар 750 мыңнан астам адам тұрады. Оның 630 мыңы – ересектер, 120 мыңы – балалар. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан жәрдемақы төленіп, оңалту қызметтері мен қажетті техникалық құралдармен қамтылған. Бұл шаралар әлі де жалғасын табады. Қайсар жандар да ерекшелігіне қарамастан, түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз: