Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

фото: stan.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде екпіні 25-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. 

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің жекелеген аудандарын тұман басады. Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады деп болжануда.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: