Елдегі ұлттық парктерге келушілер саны 2,6 есе артты

Соңғы жеті жылда елдің ұлттық парктеріне келушілер саны 2,6 есе артқан, деп хабарлайды 24KZ.

Мәселен 2019 жылы табиғи парктерге 1 млн 380 мың адам барса, былтыр келушілер 3,6 млн адамға жеткен. Табиғи аумақтарға қызығушылықтың артуы экологиялық туризммен қатар жаяу туристік маршруттардың дамуына серпін берді. Осы орайда табиғат аясындағы демалыс инфрақұрылымы дами түсті. Сонымен қатар Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 2,5 есе ұлғайды. Сондай-ақ жеті жылда ішкі туризм 3 млн 370 мың адамға артты. 2019 жылы елдегі демалыс орындарының қызметін 5 млн 290 мың ішкі турист пайдаланса, былтыр бұл көрсеткіш 8 млн 660 мың адамға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз: