Күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 15–17 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Елдің шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
16–17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1–2 градус үсік жүреді. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.
Ауа температурасы:
Елдің батысында: түнде +7…+15°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-қа дейін төмендейді;
Ақтөбе облысында: түнде +1…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −1…−3°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін төмендейді;
Қостанай облысында: түнде −1…−6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17°С-тан +10…+15°С-қа дейін аздап құбылады;
Елдің солтүстігінде: түнде −3…−8°С-қа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0…+8°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12°С болады;
Ұлытау облысында: түнде ауа температурасы негізінен 0…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −3°С болады. Күндіз +10…+20°С күтіледі;
Қарағанды облысында: түнде ауа температурасы негізінен −1…−8°С, өңірдің оңтүстігінде +3°С болады. Күндіз біртіндеп +10…+15°С-қа дейін жоғарылайды;
Елдің шығысында: түнде ауа температурасы −1…−6°С-тан −3…−11°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12°С, өңірдің шығысында −2°С болады;
Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы +2…+10°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-қа дейін аздап төмендейді;
Елдің оңтүстік-шығысында: түнде ауа температурасы 0…+8°С-қа дейін, таулы аудандарда −2…−7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22°С-тан +10…+18°С-қа дейін аздап құбылады.