Елде әлеуметтік көмек көрсету тәсілі өзгереді

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылай қолдау нақ мұқтаждарға көрсетілмек. Қазіргі таңда бұл жүйеге ауқымды реформа енгізіліп жатыр.

Өзгерістің барысын бүгінгі Құрылтай отырысында үкімет басшысы Олжас Бектенов хабарлады. Жаңашылдық қазынадағы қаржыны қаншалықты үнемдеуге мүмкіндік бермек. Отбасының табысы мен шығысын есептеуде қандай тиімді тетіктер қарастырылмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәліметінше, азаматтың қай санатқа жататынын анықтау цифрлық карта арқылы іске асады. Бұл ретте екінші деңгейлі банктер алушының және оның отбасы мүшелерінің келісімімен банк шоттары мен депозиттері туралы мәліметтерді ұсынады. 

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Санат бүкіл отбасы мен үй шаруашылығы туралы деректердің жиынтығы негізінде анықталады. Мұнда жалақы немесе мүлік секілді бір ғана белгі ескерілмейді. Цифрлық отбасы картасы мемлекеттік деректер базаларынан ақпарат жинап, үй шаруашылығының материалдық және әлеуметтік жағдайын кешенді түрде бағалайды.

Сондай-ақ оқыңыз: