Өскемендегі зауыт аумағында өрт шықты
Өскемен қаласындағы конденсатор зауытында өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ»
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Малдыбаев көшесінде конденсатор зауытының аумағында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері дереу тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына кірісті. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында қызыл жалын толықтай өшірілді. Өрттің жалпы аумағы 720 шаршы метрді құрады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.