Шымкентте «жануарға қатігездік танытқан» жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте жүргізушінің жылқыны автокөлікке байлап, көлікпен сүйрегені түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады, деп хабарлайды «24KZ»
Шымкент қаласының полиция департаменті хабарлағандай, көлік иесі заңға сәйкес жазасын алды.
«Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталған жоқ. Оқиғаға байланысты азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Шымкент қаласының полиция департаменті.