Ақмола облысында 385 млрд теңгелік инвестициялық жобаға кедергі жойылды
Ақмола облысында қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы мен «Азия Алтын Дан» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық жобаның іске асырылуына кедергі болған мәселе шешілді, деп хабарлайды «24KZ».
Құны 385 млрд теңгені құрайтын жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 800 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Жобаны дайындау барысында тазартылған ағынды суларды ағызуға қатысты техникалық шешімдерді келісу мәселелері туындаған. Оларды шешу үшін инвесторға бірқатар уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасау қажет болған.
Ақмола облысының прокуратурасы жәрдемдесіп, қажетті техникалық шешімдердің келісуіне ықпал етті. Нәтижесінде инвестициялық жобаның одан әрі жүзеге асырылуына кедергі келтірген әкімшілік мәселе шешімін тапты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз