Ресейден Қазақстанға кебек деп бидай өткізбек болғандар ұсталды

фото: gov.kz

Павлодар облысында Ресейден кебек ретінде көрсетілген бидайды Қазақстанға кіргізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға «Үрлітөбе» фитосанитариялық бақылау бекетінде болған. Тексеру кезінде ілеспе құжаттардағы мәліметтер мен жүктің нақты құрамы сәйкес келмегені анықталды. Құжатта кебек деп көрсетілген жүктің ішінде бидай дәні де болған.

Бидайды автокөлікпен тасымалдауға қойылған шектеулерді ескере отырып, жүкті Ресейге кері қайтару туралы шешім қабылданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, карантинге жатқызылған өнімдерді, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тасымалданатын жүктерді фитосанитариялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау жалғасып жатыр. Құжаттардың дұрыстығы мен белгіленген шектеулердің сақталуы да тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: