Астанада жаңа мұз айдыны ашылады

Фото: gov.kz

Астананың Алматы ауданында аумағы 1 200 шаршы метр болатын Triathlon Ice Park мұз айдыны ашылады. Нысанды қазан айының соңында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

 Жаңа мұз айдыны заманауи тоңазыту жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Соның арқасында күн жылы кезде де коньки тебуге мүмкіндік болады.

Мұз айдыны Жаңа жыл мерекесіне орай безендіріліп, аумағы түрлі шамдармен жарықтандырылады. Келушілерге конькиді жалға алу қызметі ұсынылады. Сонымен қатар мұнда жылытылатын демалыс орны қарастырылып, ыстық сусындар мен тағамдар сатылады.

Triathlon Ice Park қала тұрғындары мен қонақтарының қысқы демалысын ұйымдастыруға арналған жаңа орын болмақ. Мұнда елорда тұрғындары отбасымен және достарымен бірге уақыт өткізе алады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: