Ауқатты отбасыларға жәрдемақы берілмейді

Бұдан былай Феррари, Роллс-Ройс көліктері мен зәулім үйі барлар жәрдемақы алмайды.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Айтуынша, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 36 түрлі жәрдемақының 14 түріне мұқтаждық критерийі енгізіледі. Бұл ретте отбасының табысы, тұрғын үй жағдайы, көлігі, бизнесі және басқа да активтері ескеріледі. Яғни елімізде әл-ауқаты жоғары отбасыларды анықтау үшін бірнеше өлшем қатар қолданылады. Атап айтқанда, жан басына шаққандағы табыс, жылжымайтын мүлік, бизнес активтері мен қымбат автокөліктер ескеріледі. Демек, мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау кезінде тұтас үй шаруашылығының материалдық жағдайы қаралады. А және В санатындағы отбасылар жәрдемақыдан қағылады. Ал С, D және Е санатындағы отбасылар аталған төлемдерді алу құқығын сақтайды. Сонымен қатар қалған 22 түрлі жәрдемақы бұрынғы тәртіппен тағайындала береді.

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Енді отбасының әл-ауқат деңгейіне қарамастан жекелеген әлеуметтік кепілдіктер саны сақталады. Олардың қатарында мүгедектігі бар балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға, тұл жетімдерге, сондай-ақ зейнеткерлер мен көп балалы аналарға арналған наградалармен марапатталған аналарға арналған жәрдемақылар сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз: