ШҚО жылыту маусымына дайын

Шығыс Қазақстан облысында жылу энергия орталықтары қысқы маусымға дайын. 

Орталықтандырылған 33 және автономды 212  қазандық жөндеуден өтті. Ал Риддердегі жылу орталығында резервтік қазандықтар дайын тұр. Сақтықта қорлық жоқ. Бұған дейін қыстың ортасында төтенше жағдайлардың болғаны рас.  Өскемендегі Ахмер кентіндегі елу жыл бұрын салынған қазандық та жөнделді. Қаладағы екі жылу станциясын жаңғырту шараларына 8 миллиардтан астам теңге жұмсалды.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Биыл облыста негізгі жылу көздерін жаңғыртуға бөлінген бюджет біршама өсті. Қазандықтар, жылу электр орталығы мен желілерді модернизациядан өткізу үшін 28 миллиард теңге жұмсалды. Оның 10 млрд теңгесі «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы есебінен. Көне жылу нысандарына көп көңіл бөлінді. Мәселен, Ахмер кентінде 1974 жылғы салынған қазандық толық жаңартылды. Ондағы жабдықтар автоматты жүйеге ауыстырылды. Есесіне көмірді тұтыну нормативі жылына 300 тоннаға азайды.

Игорь Заруднев, "Шығыс Жылу" АҚ департамент директоры:

- Ең алдымен әрине бізге бұл нысанның үздіксіз әрі толыққанды жұмыс істеп тұрғаны керек. Тұрғындардан ешқандай шағым түспеуі үшін жанталастық. Сондықтан биылғы қысты ойдағыдай өткерерміз деген сенімдемін. 

Жауапты сала мамандары тұрғын үй қоры да қысқы маусымға дайын деп отыр. Атап айтқанда, өңірде 300-ден аса денсаулық сақтау, 520-дан аса білім беру және 12 әлеуметтік қорғау нысаны желіге қосылған. 

Досжан Ағыбаев, энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- 44,7км жылу желісі жөнделді.Оған қоса жылу лектр орталықтары және орталықтандырылған қазандықтарда капиталды жөндеу және ағыдағы жөндеу жұмыстары жасалды Жалпы жылыту маусым Шығыс Қазақстан облысында 28 қыркүйектен бесінші қазанға дейін кейбір өңірлерде,басталды. 

Жылыту маусымының жайлы өтуі үшін көмір қорының жеткілікті болуы маңызды. Сала басшылары отынға алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Жалпы облыстағы қоймаларда 15 мың тоннаға жуық көмір жиналды. Соның 10 мың тоннаға жуығы Өскеменде тұр. Ал жылу орталықтары мен орталықтандырылған қазандқтарда жалпы 412 мың 500 тоннадан астам отын қоры бар. 

Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ оқыңыз: