Астанада екі күнде 1600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

17-18 қазанда Астанада Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «24KZ». Екі күнде елордаға 1600 тоннадан астам өнім жеткізіліп, 50 мыңнан астам адам сауда жасады. 
Жәрмеңкеде ет пен сүт өнімдері, балық, көкөніс-жеміс, бал, күнбағыс майы және басқа да азық-түлік тауарлары қолжетімді бағамен ұсынылды. Өңірлік өндірушілер 300 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, соның ішінде сиыр, жылқы, қой етін, сондай-ақ қазы-қарта әкелді.
Сатып алушылар арасында сүт өнімдері, Баянауыл мен Жаңаарқаның қымызы және Ұлытау облысының тұзды құрты сұранысқа ие болды. Павлодар облысының кәсіпкерлері үйде дайындалған шұжық пен ірімшіктің түр-түрін ұсынды. Көкөністер мен жемістерге де сұраныс жоғары болды. 
Сонымен бірге қолөнер шеберлері ұлттық ою-өрнекпен безендірілген домбыраларын да алып келді. Жәрмеңкеге келушілер концерттік бағдарлама тамашалады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: