Жамбыл облысында 160,3 шақырым канал тазаланды

«Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы 2026 жылы 77,3 шақырым каналды тазалауды жоспарлаған, деп хабарлайды «24KZ». Алайда бүгінге дейін 160,3 шақырым канал тазаланып, жоспар 207,4%-ға орындалды.

Нәтижеге филиалдың материалдық-техникалық базасын нығайту ықпал етті. Былтыр мекемеге 55 арнайы техника беріліп, каналдарды күтіп ұстау және қалпына келтіру мүмкіндіктері кеңейді.

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМҚ филиалдары 2043 шақырымнан астам каналды механикалық әдіспен тазалады. Жыл соңына дейін тағы шамамен 200 шақырым канал тазалау жоспарланып отыр.

Салыстырмалы түрде, 2025 жылы 1840 шақырым, 2024 жылы 1147,6 шақырым, ал 2023 жылы 678 шақырым канал тазаланған.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, каналдарды жаңғырту мен арнайы техниканы жаңарту суды тиімді пайдалануға, суармалы егіншілікті дамытуға және сумен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: