20 қазан – Дүниежүзілік статистика күні
Экономикалық өсім мен инфляция, сыртқы сауда мен инвестиция, халықтың жұмыспен қамтылуы, табысы осы статистика арқылы сараланады.
Сондай-ақ үкіметтер мен халықаралық ұйымдар статистикалық деректерге сүйене отырып, әлеуметтік саясатты жоспарлап, денсаулық сақтау саласына және басқа да бағыттарға бөлінетін қаржы көлемін айқындайды. Айта кетейік, Дүниежүзілік статистика күні туралы қаулы 16 жыл бұрын қабылданды. Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл күнді бес жылда бір рет атап өтеді.