Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны мен бейнебаяны таныстырылды 

фото: бейнебаяннан алынды

«Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді. Жаңа туынды қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, білімнің маңызын дәріптеуге және оқырмандық дағдыны дамытуға бағытталған, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақ және орыс тілдерінде жазылған ән мәтінінде ұрпақтар сабақтастығы, білімге құштарлық пен ел бірлігі тақырыптары қамтылған. 
Әннің сөзі мен музыкасын «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласындағы кеңсе жетекшісі Жақсыбай Боранбаев жазған. Ал бейнебаянды Астанадағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қамбар Рахметовпен бірлесіп әзірлеген. Шығармашылық жұмыс барысында жасанды интеллект технологиялары да қолданылған.
Әнұран мен бейнебаяны цифрлық форматта көпшілік назарына ұсынылды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: