«Қорғас» бекетінде 600-ден астам ақбөкен мүйізі тәркіленді
Қазақстандық шекарашылар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытайға 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ»
Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге.
Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.