Астанада Республика күніне арналған экологиялық акция өтеді

фото: depositphotos.com

Елордада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Республика күніне орай экологиялық акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды «24KZ». 
Экологиялық акция саябақтарда, гүлзарларда, аулаларда, сондай-ақ бизнес нысандарының, қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де ұйымдардың айналасында өтеді. Шараға қатысушылар аумақтарды тазалап, ағаш отырғызып, қоғамдық орындарды абаттандырады. 
Әкімдік кәсіпорындарды, ПИК пен МИБ өкілдерін, шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілерді және қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын барлық тұрғынды акцияға қатысып, елорданы абаттандыруға өз үлесін қосуға шақырады.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: