Кітап адамның жан дүниесін байытады. Сауалнама

Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына еліміз бойынша 1 млн 400 мыңнан астам адам қатысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, сыни ойлау дағдысын дамытуға арналған марафонға Түркістан облысынан 73 мыңға жуық оқырман тіркелді. Түркістандықтар бұл жоба қоғамның зияткерлік әлеуетін көтеріп, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды бастама екенін айтады. «Жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға да тигізер пайдасы мен әсері орасан зор», – дейді. Рухани шаһар тұрғындары кітап оқу – адамның ішкі жан дүниесін байытып, тұлға ретінде қалыптасуына жол ашатынын жақсы түсінеді. Сондықтан жобаға қатысты және көпшілік қандай кітаптар оқу керектігі жайында пікір білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз: