Олжас Бектенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградаларды табыс етті

Фото:UKIMET

Республика күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды «24KZ».

Салтанатты рәсімде Үкімет басшысы Қазақстанның жетістіктері мен жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бәріміз бір ел болып, ауқымды саяси реформаларды табысты жүзеге асырдық. Егемендіктің берік тұғырына айналған жаңа Конституциямыз заңды күшіне еніп, мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі қайта жаңғырды. Қазақстан азаматтарының жасампаз рухының арқасында бірегей саяси оқиғаларды жауапкершілікпен әрі жоғары ұйымшылдықпен атқарып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды бастамаларды қолға алдық, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр елдің әрбір жетістігі өз ісіне адал азаматтардың күнделікті еңбегінің нәтижесі екенін айтты. Оның сөзінше, мемлекеттік наградалар – Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегіне көрсетілген құрмет пен берілген лайықты баға.

Сондай-ақ еңбек адамының қоғамдағы рөліне және «Адал азамат» құндылықтарына ерекше мән берілді. Бұл қағидаттар еңбекқорлықты, іскерлікті, жауапкершілікті және білімге ұмтылысты дәріптейді.

Елдің одан әрі дамуы Әділетті, Озық, Күшті әрі Таза Қазақстанды құруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру жолында барша азаматтың бірлескен күш-жігерін талап етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:

  • Тимур Қарағойшин – «Мемлекеттік ведомстводан тыс жобаларға сараптама» РМКҚ бас директоры.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен:

  • Николай Подгузов – Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы.

«Құрмет» орденімен:

  • Ростислав Коняшкин – Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі;
  • Шыңғыс Оразәлімов – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
  • Дияр Нүсіпқожанов – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ аппарат басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз: