Е. Қошанов Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыстады

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бірқатар қазақстандыққа мемлекеттік награда тапсырды, деп хабарлайды 24KZ.

Осы күні Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» қоғамдық тобының алғашқы отырысы да өтті. Бұл алаң конституциялық органның құрамына енбеген, еліміздің барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерін біріктірді. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Республика күнінің тарихи маңызын атап өтіп, 25 қазанның егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін еске салды.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесін қайта алды. Бұл шешім еліміздің дамуындағы жаңа кезеңмен сабақтасты. Егемендігіміздің бастауына жаңаша қарап, оның қадірін тереңірек түсінуге жол ашты.

Сондай-ақ оқыңыз: