Алматыда жаңа комьюнити орталық ашылды

Алматыда жастарға арналған алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін комьюнити орталық ашылды. Бостандық ауданында орналасқан жаңа кеңістік «Ұйықтамайтын қала» тұжырымдамасы аясында құрылды, деп хабарлайды 24KZ.

Үш қабатты ғимаратта коворкинг, амфитеатр және подкаст студиясы бар. Осы жерде жастар білім алып, бағдарламалау мен цифрлық дизайнды меңгереді. Оқу курстары арқылы жаңа дағдыларын шыңдайды. Қажет болған жағдайда психолог пен заңгер кеңес береді. Ал жұмыс іздеген жастарға кәсіби бағдар беру орталығы көмектеседі. Онда ІТ-компаниялар, кәсіпорындар мен екінші деңгейлі банктер бос жұмыс орнын ұсынады. Сондай-ақ жұмыс берушімен тікелей тілдесуге болады. Бұл – мегаполистегі он үшінші комьюнити орталық.

Азиз Кажденбек, Жастар саясаты басқармасының басшысы:

– Бізде TikTok зоналарымыз, подкаст студиямыз, би алаңымыз бар. Одан бөлек, психолог пен заңгердің консультациялары бар. Сондықтан бұл комьюнити орталықта тәулік бойы өзін іздеген жас таба алады деп ойлаймын.

Сондай-ақ оқыңыз: