Медицина саласында маман тапшылығы қысқарды
Денсаулық сақтау саласында елеулі өзгеріс бар. Елде кейінгі 5 жылда дәрігер тапшылығы 20,4 пайызға қысқарды.
Медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.
Сонымен қатар медициналық білім беру жүйесі жаңартылып, денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект енгізілуде.
Айта кетейік, соңғы бес жылда елімізде 1 мыңнан аса жаңа медициналық нысан ашылды. Оның басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.