Алматыда Ә. Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр

Алматыда еліміздің әр өңірінен келген дәстүрлі әншілер бас қосты. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Мұнда Әміре салған әндер қайта жаңғырады. Жас орындаушылар халық мұрасын нақышына келтіріп орындайды. Ауқымды байқауға 41 үміткер өтініш білдірген. Соның ішінен үздік 22 өнерпаз іріктелді. Олар байқауда дәстүрлі әннің терең иірімін, биік тынысын танытуға тырысады. Қатысушылар жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені сарапқа салады.

Жайна Тарғынова, байқауға қатысушы:

– Бұл байқаудың дәстүрлі әншілер үшін маңызы өте үлкен. Кез келген дәстүрлі әншімін деп, домбыраны қолына алып, ән салып жүрген әнші осы байқаудың бір іргесі, тасы болуды қалайды. Осы байқауға қатысудың өзі – үлкен жетістік. Байқаудың талабында да кез келген адамды таңдамаймыз. Лауреат болуы керек немесе үлкен бір нәтиже көрсеткен адам болуы керек. Сондықтан таңдап, іріктелудің өзі бұл байқауға үлкен жетістік.

Сондай-ақ оқыңыз: