Қазақстанда дәрігер тапшылығы қысқарды

Статистикаға сүйенсек, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 20,5 пайызға төмендеген. Осы уақыт аралығында елде мыңнан астам жаңа медициналық нысан ашылды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Үкіметте айтылды. Қазір еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Сонымен қатар өңірлердің сұранысына сай дәрігерлер даярлауға басымдық берілуде. Гранттар қажетті мамандар санына қарай бөлінеді. Ал мемлекеттік тапсырыспен оқыған түлектерді жұмысқа орналастыруға жергілікті атқарушы органдар жауапты.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:

– Бізге тек дипломы бар емес, науқасқа сапалы көмек көрсете алатын дәрігер керек. Сондықтан студенттердің тәжірибесіне көбірек көңіл бөліп жатырмыз. Әсіресе ауылға қажет мамандарды, отбасылық және балалар дәрігерлерін даярлау маңызды. Осы жұмыстардың нәтижесінде соңғы екі жылда дәрігер тапшылығы елімізде 20 пайызға, ауылда шамамен 30 пайызға азайды.

Сондай-ақ оқыңыз: