ШҚО-да жылу қысымын арттыратын станция құрылысы аяқталуға жақын

Шығыс Қазақстанда жылу көздерінің тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше ірі жоба қолға алынды. 

Мәселен, Алтай ауданында 16 жылу сорғы станциясы жаңғыртылып жатыр. Ал Шемонаихада дәл осындай нысан құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жыл сайын ұлғайып келе жатқан шағын қаланы алдағы уақытта үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін маңызды жоба дейді, сала мамандары. Әсіресе мұнда жаңадан бой көтерген ықшам аудан тұрғындарынан қыста шағым көбейеді. Пәтері жылуға жарымаған жұрт кейде электр жылыту пештерін қосып, амалдап шығады. Ал жаңа сорғы станциясы қолданысқа берілсе жағдай қалай өзгереді. 

18 мың адам тұратын Шемонаиха қаласын жылумен қамту жыл сайын күрделеніп келеді. Халық саны өсіп жатыр. Әсіресе көп қабатты тұрғын-үй құрылысы қарқынды. Гүлназ Қазыбекқызы жаңадан салынған ықшам ауданда тұрады. Қатты аязда пәтер қоңыр салқын болып мазамыз қашады, дейді ол.

Гүлназ Қазыбекқызы, Шемонаиха қаласының тұрғыны:

-  Жоқ деуге де келмейді, бар деуге де келмейді, бірақ көбіне давлениені түсіріп жібереді, салқын болады. Кейде үйде болмауға тырысамыз, баланы алып, жер үйге барамыз кішкене жылынамыз.

Жылу орталығы қызметін тұтынушылар қатары артқан сайын шеткері аудандарда қысымның жетпей қалуы заңды,дейді мамандар. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін бір жыл бұрын сорғы станциясы салына бастады. Құны 1 миллиард теңгеден асатын маңызды нысан құрылысын қаржыландыру жағынан қиындықтар туындағанмен, былтыр жыл аяғында ол сұрақ та оңды шешіліп, шаруа жанданды. Енді қалған қаржы бөлінсе келесі айда мекеме толық іске қосылады.

Досжан Сейіткамал, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- 75миллион теңге  қаржыландыру әлі бар облыстық бюджеттен енді басқарманың негізінде бюджеттен өтінім облысытық маслихатқа бірнеше рет енгізілген білесіздер қазір барлық деңгейдегі маслихаттар таратылған жаңамалихатқа тағы да қосымша осы жоба бойынша 75 миллион теңге бюджетке өтінім беріледі Қаржыландыру мәселесі іздің ерекше бақылауымызда осы нысан бойынша.

Қазір нысанның 97 проценті бітіп тұр. Жұмысшылар ең соңғы электр аппаратын қосу ғана қалды дейді.Станция қазандықтан шығатын  қысымды күшейтеді. Яғни жылумен қамту сапасын арттырады.

Қуат Кенжеханов, мердігер мекеме өкілі:

- Әзірге бұл жылуды күшейтіп тұрған жоқ Котельный күшімен тұр ғой қазір. Тоқ жағынан қосу қалды, насостағы қалғаны бәрі дайын.

Жалпы облыстағы жылу көздерін жаңғыртуға арналған жоба көп. Мәселен, Алтай ауданында қысымды көтеретін 16 сорғы мекемесі жаңартылып жатыр. Ол үшін 429 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар аймақта 45 шақырымға жуық жылу желісі жөнделді. Осылайша тозу деңгейін 3 жарым процентке төмендету көзделген.

Авторлары Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Сондай-ақ оқыңыз: