Елде 7 жылда 1342 мектеп салынды
Елде кейінгі жеті жылда 1 300-ден астам мектеп бой көтерді. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 5 есе, апатты нысандар 2 есе азайды. Орын тапшылығы 4 есе қысқарды.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде 460 мың оқушыға арналған 217 ғимарат бой салынды. Оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Бұдан бөлек, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 90 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 83-і пайдалануға берілді. Қалған жетеуін биылғы жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарланған.