Кітапханаларға келушілер саны 57 млн-ға жетті
Елдегі кітапханаларға келушілер саны 57 миллионға жетті. Бір жылда пайдаланушылар 5 жарым миллионға артқан. Ал оқылған кітап 90 миллионға жуықтады.
Кітапханаға әсіресе 17 мен 25 жас аралығындағы жастар жиі барады. Кейінгі бір жылда балалар әдебиетіне қызығушылық 75 пайызға, қазақ классикасы мен қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетіне сұраныс 50 пайызға артқан.
Бүгінге дейін электронды кітапхана қызметтерін 718 мың адам қолданды. Онлайн оқырман саны бес жылда 4 миллионнан асты. Электронды кітаптарды қарау көрсеткіші 9 миллионға ұлғайды.
Ал білім беру ұйымдарының кітап қоры 142 миллион данадан асады. Оның 29 миллионнан астамы көркем әдебиет. Мектептер мен колледждерде 2 мыңға жуық коворкинг орталығы жұмыс істейді.