Елде 3,5 млн бала қосымша біліммен қамтылған

Елде 3,5 миллион оқушы қосымша білім алады. Бұл – елдегі балалардың 90 пайызы. Олар шығармашылық үйірмелерге қатысып, спорт, музыка және робототехникамен айналысады. Кейінгі екі жылда қосымша білім беру ұйымдарының саны 3 мыңға жуықтады. Үш жылда 48 жаңа нысан салынды.

Бүгінде 2 миллионнан астам оқушы түрлі секцияларға тегін қатысады. Олардың бір миллионға жуығы – ауыл балалары. Қосымша білім алу мүмкіндігін кеңейту үшін ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Қазір бұл тетік 11 өңірде жұмыс істейді. 770 мыңнан астам бала қосымша білім алуға ваучер алған.

Цифрлық жүйе арқылы 38 мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, бюджет қаражатының шамамен 3 миллиард теңгесі үнемделген.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 100 оқушылар сарайы мен өнер мектебін, 50 балаларды сауықтыру орталығын ашу көзделіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: