Жолдау жүктеген міндеттер. Сауалнама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу және көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру сынды маңызды мәселелер қамтылды. Көтерілген бастамаларға қатысты елорда тұрғындары өз пікірін білдірді.

Блиц:

- Білім саласы бойынша Президентіміздің қолдап жатқанына өте қуаныштымын. Өйткені білім бәріне тең берілуі керек. Ол жерде ерекше балаларға жағдай жасалуы керек әр мектепте. Отыратын партасынан бастап, кіретін есігінен бастап. Бізде қазір бар ғой, инклюзия класстары бар, бірақ мектеп оған сай емес.

- Жалақыны көтерген жақсы, әрине. Халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарар еді. Сонда мына көшеде жүріп тұруымыз да керемет болар еді. Негізі Қазақстанның байлығы жетеді ғой. Асты да, үсті де, бәрі тұнған байлық. Соны біз тек дұрыстап игеруіміз керек қой.

- Келесі жылды Президенттің құрылыс жылы деп жариялауына, менің ойым, өте жақсы болады деп ойлаймын. Қазақстан одан ары дамиды деп ойлаймын. Астана ғана емес, Қазақстанның бүкіл қалаларына көп нәрсе салынған дұрыс деп ойлаймын. Үлкен орталықтар,  үлкен-үлкен заводтар, фирмалар салу керек деп ойлаймын.

- Батыс Қытай - Батыс Еуропа деп айтып жатыр ғой. Қазақстан – соның ортасында жатқан ел. Сондықтан әрі-бері жүріп тұратын транзиттік тасымалдарды көбейту керек қой. Жолшыбай жол құрылысы салынып та жатыр теміржолдар. Жолшыбай қанша бекеттер ашылады, онда қанша жұмыс орны ашылады. Соның бәрі елімізге алға жылжу үшін керек нәрселер ғой.

Сондай-ақ оқыңыз: