Өңірлерде жаңа өндірістік нысандар іске қосылды
Алматы облысында тәулігіне 10 тонна ет өңдейтін кәсіпорын, Түркістан облысында металл конструкциялар мен бұйымдар өндіретін зауыт ашылды деп хабарлайды 24KZ.
Ал Абай облысында өсімдік майын құю және қаптау цехы, Қарағанды облысында құс шаруашылығы кешені бой көтерді. Бұл жобалар өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін арттыруға ықпал етеді.