Германияда 21 мың кәсіпорын банкротқа ұшырады
Германияның мемлекеттік қарызы 2,8 триллион еуродан асты. Соның салдарынан ел ішіндегі жеке секторлар мен еңбек нарығындағы жағдай күрт нашарлап кеткен. Жыл басынан бері 6 миллион қызметкер жұмыссыз қалды. 21 мың кәсіпорын банкротқа ұшыраған. Оның ішінде нарықта ғасырдан астам уақыт жұмыс істеген қағаз шығару фабрикасы мен Mercedes-Benz компаниясына автобөлшектер жеткізуші Айос зауыты бар.