Медициналық қызмет сапасына қатысты шағым көп

Елде медициналық қызмет сапасына қатысты кемшілік 30 пайызға көбейген. Салалық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері тұрғындардың шағымы бойынша 51 тексеріс жүргізілген.

Оның 48-інде қызмет көрсету талаптарының сақталмағаны анықталды. Былтыр 28 тұрғынның шағымы расталған еді. Енді комитет бақылауды күшейтпек. Осылайша, медициналық көмектің сапасын жақсартып, науқастардың құқығын қорғап әрі емдеу мекемелерінің жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: