Израиль шабуылынан 3 адам қаза тапты
Израиль әскері Газа қаласын бомбалап, 3 адам қаза тапты. «Рейтердің» хабарлауынша, құрбандар арасында 4 жастағы ұл бала бар. Тағы бір әйел ауыр жараланды.
Тель-Авив содырлардың көзін жоюды мақсат тұтқанын және «ХАМАС» қозғалысы бейбіт тұрғындарды «қалқан» ретінде пайданалып отырғанын айтады.
Ал палестиналықтар: «Израиль босқындар лагеріне күнде соққы жасайды, шатырларда әрең жан бағып жүрген бізді адам ғұрлы көрмейді», - деп айыптады. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ушығып бара жатқанын ескертіп жатыр.