KASPI.KZ-пен отандық аяқ киім өндірісі өркендеп келеді

Kaspi.kz-тегі онлайн дүкенде Қазақстанда жасалған тауарлар жыл сайын көбейіп келеді.

Ең ірі отандық маркет-плейсте жергілікті өндірушілер өнімін бүкіл ел аумағында сата алады. Қысқы маусым қарсаңында аяқ киім өндірушінің жұмысы қыза түседі. Қазақстандық тауар бағасы мен сапасы жағынан импорттық өніммен бәсекелесе алады.

Қазақстанда аяқ киімді ірі фабрикалар да, шағын шеберханалар да шығарады. Әрқайсысының өз үлгісі, технологиясы мен жұмыс тәсілі бар. Бірақ оларды бір нәрсе біріктіреді - өндірушілерге сатып алушыны табуға Kaspi.kz көмектеседі.

Тараздағы фабрикада қазақстандық аяқ киім осылай кезең-кезеңімен жасалады. Табанынан бастап дайын өнімге дейін — барлығы табиғи былғары мен жүннен өндіріледі. Алғашқы жұбы конвейерден 65 жыл бұрын шыққан. Қазір кәсіпорын ауқымды қайта жаңғыртудан өтіп, заманауи жабдықтармен жұмыс істеп тұр. Мұнда 250 адам еңбек етеді. Өндіріс қуаты жылына жарты миллион жұп аяқ киім шығаруға жетеді.

Асан Әбсәлімов, "ТаразКожОбувь" ЖШС бөлшек сауда директоры:

- Біздің бірінші мақсат – халықтың да көңілінен шығу. Қазір Kaspi Магазин арқылы бүкіл Қазақстанға тарату мүмкіндігі туып отыр.

Ірі өндіріс орындарынан бастап шағын мануфактураларға дейін Kaspi-мен ынтымақтастықтың арқасында жаңа нарықтарға жол ашып отыр. Тарихы 25 жылға жуықтаған алматылық Boros аяқ киім бренді туралы елдің түкпір-түкпірінде осылай білді. Авторлық үлгідегі аяқ киім қазақстандықтардың көңілінен шыққан. Қазір мұнда айына 450 жұпқа дейін аяқ киім қолдан тігіледі.

Игорь Осьмушко, Boros Shoes директоры:

- Біздің аяқ киімнің бәрі жоғары сапалы табиғи былғарыдан жасалады. Біз ең басынан-ақ бизнесімізді Kaspi-ді негізгі сату арнамыз ету мақсатымен қалыптастырдық . Үлкен шоурумдар ашып, сауда орындарының жалдау ақысын төлеп, шығынды көбейткіміз келмеді. Сондықтан бағамызды қолжетімді деңгейде ұстап отырмыз.

Ал Қарағандыдағы бұл шеберханада отандық материалдардан әлемдік классикаға айналған аяқ киім тігіледі. Қолданылатын былғарының 60 пайыздан астамы — қазақстандық өнім. Аяқ киім шетелден де сатып алушыларын тапқан. Германиядан, Норвегиядан және АҚШ-тан тапсырыстар түседі. Kaspi-мен ынтымақтастық қарағандылық шағын брендке қазақстандық тұтынушылардың сеніміне ие болуға көмектесті.

Никита Дорош, Neyches Boots негізін қалаушы:

- Әрине біз Kaspi Магазинінде бармыз. Бұл бізге көп көмектеседі, қосымша сатылымға да жол ашады. Kaspi мұнда кепілгер болады: сатып алушы тауарды алмайынша, дүкен ақшаны алмайды. 

Жыл басынан бері елімізде аяқ киім өндірісі 27 пайызға өсті. Дегенмен, сатылған аяқ киім жұптарының әзірге шамамен 7 пайызы ғана Қазақстанда жасалған. Өндірушілер бұл үлесті, соның ішінде онлайн сатылым арқылы да, алдағы уақытта арттыруға ниетті. Бұл ретте оларға Kaspi.kz көмектеседі. Қазақстандық аяқ киімнің өзіндік артықшылықтары бар: жергілікті климатқа бейімделген және сапасына кепілдік беріледі. Ал сатылған әр жұп жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өндірісті дамытуға мүмкіндік.

Авторы Достық Талғатұлы