«Шығыс–Батыс» мұнай құбыры өзін 15 күнде ақтады

Saudi Aramco алып мұнай компаниясы Ормуз бұғазын айналып өтетін «Шығыс–Батыс» құбырын салуға кеткен шығынды небәрі 15 күнде өндіріп алған. Бұл туралы компания басшысы Амин Нассер мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.

Оның айтуынша, мұнай жеткізудегі қазіргі іркілістер инфрақұрылымға ұзақ мерзімді инвестиция салудың экономикалық тиімділігін дәлелдеді. Құбыр Сауд Арабиясының шығыс бөлігіндегі мұнай кен орындарын Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портымен байланыстырады. Ұзындығы – шамамен бір мың 200 шақырым. Бастапқыда тәулігіне 2 млн баррель мұнай жеткізуге есептелген құбырдың өткізу қабілеті 7 млн баррельге дейін ұлғайтылған. Осылайша, бұл Риядқа қара алтынның едәуір көлемін Ормуз бұғазын пайдаланбай-ақ экспорттауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: