«Әділет»: Партиялық бақылау комитеті өңір тұрғындарының өтініштерін қарады

Кейінгі үш айда «Әділет» партиясына тұрғындардан келіп түскен әр алтыншы ұсыныс, тілек жолдардың жай-күйіне қатысты жолданды.

Барлығы 7 мыңнан астам өтініштің 1173-і жол инфрақұрылымымен байланысты болып отыр. Осы мәселе елдің 14 өңірінде бірінші орынға шығып, Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында күн тәртібіне шықты. Жиында түйткілді учаскелер жан-жақты қаралды. Мысалы, Жетісу облысы Арқарлы ауылы маңындағы жолдың жай-күйі, Атырау  Орал тас жолындағы жөндеу жұмысының ұзаққа созылуы, Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнына апаратын жол, Қарағанды облысындағы Ақадыр-Мойынты учаскесі назарға алынды.

Марат Қожаев, ҚР Құрылтайының депутаты, "Әділет" партиясының партиялық бақылау комитетінің төрағасы:

- Автомобиль жолдарына қатысты мәселелердің қоғамдық деңгейі мен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, нақты ең проблемалы объектілерде тиісті партиялар қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген тапсырмалар мен партиялардың сайлауалды бағдарламасының "Өңірлер мықты болса, ел мықты" деген басым бағытын сапалы әрі толық көлемде орындау біздің басты міндетіміз.

Сондай-ақ оқыңыз: