Егемен елдің еңсесі биік

Отанды сүю – туған жерге деген құрмет пен елге деген мақтаныштан басталады.

Тәуелсіз Қазақстан – ата-бабамыздың асыл арманы, бүгінгі ұрпақтың бақыты, келер ұрпақтың аманаты. Осы тұста «Мен елімді не үшін сүйемін?» деген сауалға берілген жүрекжарды жауаптарға құлақ түрейік!

- Мен Қазақстанды жастары үшін, жалпы халқымның қонақжайлығы үшін, достық, осы елде талай ұлттар бірігіп, тату-тәтті өмір сүріп жатқаны үшін сүйемін! Бізге берілген мүмкіндіктері үшін сүйемін! Оқу болсын, денсаулық болсын, қай жағынан алса да, өз Отанымда өзімді ыңғайлы сезінемін. Сол себепті сүйемін! 

- Қазақстанды әрине халқы үшін жақсы көремін! Мысалға, велосипед теуіп, бүкіл әлемді аралап жүрген неміс шетелдік блогер бар. Оның өзі Қазақстанға келгенде Қазақстан халқын қонақжай халық ретінде мақтайтындығын, қазақтардың бір-бірін жақсы көретіндігін көрсетеді. Сол кезде ішіңде мақтаныш сезімі оянады.  

- Мен Қазақстанды жақсы көрудің себептерінің алғашына оның шексіз даласын жатқызар едім. Себебі біз жер көлемі бойынша 9-орындамыз. Тура сол бойынша біз өзіміздің кең-байтақ даламыз, ондағы байлықтарымыз, ондағы шексіз көп қажетті заттарымызбен баймыз. Яғни мен өзімнің елімді, жерімді, Қазақстанды кең-байтақ даласы үшін жақсы көремін!  

- Қазақстанды не үшін жақсы көретініме себеп көп. Біздің Қазақстанның табиғаты өте ерекше. Басқа мемлекеттердің табиғатына ұқсай бермейді. Тілі өте ерекше. Халқымыз қонақжай, өте мейірімді деп айтсам да болады.

Сондай-ақ оқыңыз: