Егемендік - тұрақты дамудың кепілі
Қазақ елі егемендік пен бірліктің бағасын біліп, биік бағалайды.
Бұл құндылықтар мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі, дейді жетісулықтар. Отанымыздың өркендеуіне өскелең ұрпақтың да қосар үлесі зор. Балалардың салауатты өмір салтын ұстанып спортпен шұғылдануына, білім алып, шығармашылығын шыңдауына жасалған жағдай да ата-ананың да көңілінен шығады. Мемлекет қамқорлығы жасөспірімдердің жан-жақты жетілуіне елжанды азамат болып қалыптасуына ықпал ететінін айтады.
БЛИЦ:
- Қазақстан жастарға жағдай жасап жатыр. Сол үшін біз Қазақстанды жақсы көреміз.
- Бірлік, тыныштық, өзім жақсы көрем Қазақстанды. Басқа сөзбен айта алмаймын.
- Қазақстан өзімнің туған жерім, елім. Жерім. Жақсы көрмегенде. Қазақстан көркейіп келе жатыр. Бала-шағам өсіп келеді. Бәрі жақсы.
- Барлық адамдары мейірімді. Күлімсіреп жүреді. Сол үшін.
- Қазақстанды жақсы көру себебім Қазақстан өте таза ел. Экономика жағынан да, экология жағынан да адамдары кішіпейіл.
- Туған жерім, өскен жерім. Өркендеп өскен жерім. Бала-шағамның өмірге келген жері. Қалай жақсы көрмеймін. Өз елім.