Түркия вице-президенті Қазақстан павильонымен танысты

Анталияда өтіп жатқан COP31 халықаралық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Түркия вице-президенті Жевдет Йылмаз арнайы келіп, еліміздің экологиялық бастамаларымен және жасыл технологиялар саласындағы жобаларымен танысты. Әсіресе Іле-Балқаш өңірінде Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасы меймандардың қызығушылығын оятты. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ қолөнерін дәріптейтін «Құрақ көрпе» арт-инсталляциясы мәртебелі мейманның ерекше назарын аударды. Айта кетейін, халықаралық конференция аясында Қазақстан инвестициялық сипаттағы 34 құжатқа қол қояды деп жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз: