Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлерден 7 тонна балық тәркіленді

Қазан-қараша айларында Жайық-Каспий бассейнінен заңсыз ауланған 7,2 тонна балық айналымнан шығарылды. Браконьерлерден 45 қайық пен 900 ау-құрал тәркіленді, деп хабарлайды 24KZ.

Жайық пен Қиғаш өзендерінде әзір мұз қата қойған жоқ. Осы кезеңді пайдаланып, су маржанын қарпып қалуға тырысқандар көп. Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік инспекциясы мен өңірдегі құқық қорғау органдары балық қорғау ісіне жұмылдырылды. Нәтижесінде өткен 10 айда инспекторлар 2600 құқықбұзушылықты анықтап, заңсыз кәсіп қылған тұлғалардан 41 млн теңге айыппұл өндірді.

Рүстем Қорқытов, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік инспекциясының баспасөз хатшысы:

– Су айдындарындағы балық аулау ережесін өрескел бұзғандарға қатысты 34 материал сотқа жолданды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген іс-шара барысында анықталған 13 браконьерлік дерек бойынша қазір тергеу жұмыстары жүруде.

Сондай-ақ оқыңыз: