Астанада «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды
Астанада «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиев ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге заңмен шектеу қойылған. Осылайша мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда деп жариялады Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері.