«Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды
Бүгін ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы Н. Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да адамдарды ұстады, деп хабарлайды «24KZ»
Істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.