Елде 100-ге жуық тарихи нысан тазартылды
Елде 6 мыңнан астам жас 100-ге жуық тарихи нысан мен ескерткішті тазалауға атсалысты. Бұл – «Әділет» партиясының Жастар қанаты ұйымдастыруымен өткен «Вандализмге жол жоқ!» республикалық акциясының нәтижесі, деп хабарлайды 24KZ.
Бастамаға Абай, Павлодар, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының жастары қосылды. Павлодарда белсенділер қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш аумағын тазалады. Ал Абай облысында бірқатар қоғамдық орын ретке келтірілді. Іс-шара Семейдегі Орталық саябақ маңында жалғасып, жастар қала тұрғындары арасында вандализм мәселесіне қатысты сауалнама жүргізді. Сондай-ақ ортақ мүлікті бүлдірмеуге шақырды.