Аралда заңсыз балық аулағандар ұсталды

Қызылорда облысының Арал ауданында заңсыз балық аулауға қатысты 183 дерек тіркелді. Тыйым салынған құралдар пайдалану әлі де азаяр емес. Әсіресе электр тогымен балық аулау дерегі жиілеген, деп хабарлайды 24KZ.

Мамандардың мәліметінше, браконьерлікке қатысты барлығы 248 заңсыз балық аулау дерегі анықталды. 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 5 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Пазылбек Нәлібаев, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:

– Арал-Сырдария облысаралық бассейндік инспекциясы бүгінде Аралдан Шардараға дейін үш регионды құрайды. Броконьерлікпен күрес бойынша біз жылдың басынан бері 427 хаттама толтырдық, соның 16-сы қылмыстық іс болды. «Бүгінгі таңда мына Шиелі ауданында, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында тоқпен», – дейді. Тоқпен аулаған роканерлер қазір құрықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: