Қор нарығында теңге нығая түсті
Елде 12 ай қатарынан инфляция қарқыны баяулап, 9,2 пайызға дейін төмендеді. Алда көрсеткіш кемімесе, көбеймейді. Жауаптылар 2028 жылға қарай құнсыздану деңгейін 5%-ға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Мұны Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Ертең елде – Ұлттық валюта күні аталып өтіледі. Сондай-ақ қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланады. Төл теңгеміздің қолданысқа қосылғанына биыл 33 жыл. Сол сәттен бері қазақ ақшасының қолданыс аясы кеңіп, әлемдегі сенімді, қорғалған валюталар қатарына енді.