Биткоин құны $68 мың дейін төмендеді
Биткоин тамыз айынан бері алғаш рет 70 мың доллардан төмендеді, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін халықаралық биржалардағы саудада криптовалюта бағамы шамамен 6 пайызға арзандап, 1 биткоин құны 68 мың долларға түсті. Мамандардың айтуынша, трейдерлер АҚШ Федералдық резерв жүйесінің базалық мөлшерлемені көтеру қаупіне байланысты криптовалютаны жаппай сатып жатыр. Осы аптада жарияланған инфляция көрсеткіштері сарапшылардың болжамынан жоғары болып шықты. Осыған байланысты америка мемлекеттік облигацияларының кірісі артты.