Бүгін – Ұлттық валюта күні

1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы теңге айналымға енді. Содан бері төл теңгеміз ел тәуелсіздігінің маңызды нышандарының біріне айналды, деп хабарлайды 24KZ.

Алғашқы банкноттар Ұлыбританияда басылып шықты. Кейін елде банкнот фабрикасы мен теңге сарайы іске қосылды. Содан бері ұлттық валюта бірнеше рет жаңарып, дизайны мен қорғаныс жүйесі жетілдірілді.

Сондай-ақ оқыңыз: