«Автобусқа балалар арбасымен кіруге болмайды» деген ақпарат жалған
«Автобусқа балалар арбасымен кіруге болмайды» деген ақпарат жалған. Желіде таралған жазбаларға қатысты «Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы» осындай жауап қатты., деп хабарлайды 24KZ.
Ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне шектеу жоқ. Дегенмен ескеретін жайт: автобуста жолаушы көп болса, арбаны жиналған күйде алып жүру керек. Ол өзге азаматтардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс. Бірақ «Ата-анаға балалар арбасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын арбаны жайылған күйінде жалғастыра алады» делінген хабарламада. Ол үшін айыппұл салып, жолаушыны автобустан түсіруге ешкімнің хақысы жоқ. Тиісті талап Жолаушылар мен жүк тасымалдау қағидасында көрініс тапқан.